Ізгі хабар арнау хаты
– Мыналарды окып шығуыңызды сұраймыз:
Жаратылыс 1:1 | Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты. |
Римд 3:23 | Бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды. |
Жохан 8:34 | Иса оларға былай деп жауап берді:— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы. |
Құдай бізді жаратты, бірақ біз Аны білмейміз және күнәкар болмысымыз себепті Онан ажырағанмыз. Құдайсыз біздің өміріміз маңызсыз тағы мақсатсыз. Күнәміз салдары (төлемі) рухани да, денелік да өлім болып саналады. Рухани өлім Құдайдан ажырауды білдіреді. Денелік өлім дененің шіруі. Егер біз күнәлеріміз салдарынан өлсек, Құдайдан мәңгібақи ажыраймыз және тозақ отына лақтырыламыз. Қалайша күнәларымыздан құтқарылыумызға және Құдайға баруымызға болады? Өзімізді-өзіміз құтқара алмаймыз, өйткені күнәкар өзіні құтқара алмайды (суға кетушы кісі өзін құтқара алмағаныдай). Басқалар да бізді құтқара алмайды, өйткені біз бәріміз күнәкармыз. Күнәларымыздан бізді құтқару үшін күнәсіз (суға батпайтын) бірі қажетті. Күнәсіз кісі ғана бізді құтқара алады. Барлығы күнә жасаған осы күнәкар дүниеде күнәсіз кісіні қалайша табуға болады?
Римд 6:23 | Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір. |
Жохан 3:16 | Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады. |
Матай1:23 | Ол былай деген: «Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады. Оған Имануил, яғни «Құдай бізбен бірге», деген ат қояды» |
Жохан 8:23 | Иса оларға былай деді:— Сендер жерденсіңдер, Мен көктенмін. Сендер осы күнәкар дүниенің адамысыңдар, ал Мен осы дүниелік емеспін. |
Марқа 1:11 | Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты. |
Жохан 8:36 | Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар. |
Жохан 3:3 | Иса:— Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді. |
Жохан 1:12 | Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. |
Бізді жаратқан және әбден сүюші Құдай осы мәселенің шешімін берді. Оның бізді әбден сүюші себепті Ол Өзінің Ұлын, Исаны күнәларіміз үшін өлуге жіберді. Иса күнәсіз, өйткені Ол бұл әлемден емес. Ол жерде болған уақытында шайтанның барлық сынақтарын жеңіп шықты. Оның өмірі Аспандағы Жаратқан Иемізге ұнады. Иса күнәларімізден құтқарды және күнәларіміз үшін айқышқа шегеленіп өлтірілді. Ол біздің өміріміз Құтқарушысы (Иса бізді құтқара алды, өйткені Ол суға батпайтын еді). Исаның айқышқа шегеленіп өлгенінің мақсаты күнәларіміз үшін ақы төлеу және сонымен қатар бізді күнәларімізден құтқару және Құдаймен біздің арамыздағы бұзылған байланысты қалпына келтіру болып табылады. Құдаймен осы жаңа байланыс рухани қайта туылу деп аталады. Бұл біздің жаратылыс және болмысымыз мақсатына қайтарады жіне бізге өмірді шын маңызбен толтырады.
Жохан 11:25 | Ал Иса оған:— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады |
Римд 6:9 | Себебі өлімнен тірілген Мәсіх енді қайтып өлмейді, бұдан былай өлім Оған билігін жүргізе алмайды, мұны білеміз. |
Елшіл. істері2:24 | Бірақ Құдай Исаны өлім тұзағынан босатып, тірілтіп алды. Өйткені Оның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес болатын |
Римд 14:9 | Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді. |
Елшіл. істері1:11 | «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді |
Исаның күнәларіміз үшін өлгенін Аспанда Құдай қабылдағанына қалай сенсек болады? Бізде шын дәлел бар-бұл Исаның өлімнен тірілуі. Өлімнен тірілуі Исаның өлімді жеңгенін дәлелі болып табылады (немесе, басқаша айтқанда, өлім Оған билігін жүргізе алмайды). Сондықтан, Иса мәңгі тірі, біз да мәңгі өмір сүрсек болады. Оның өмірі бізге өмір береді. Сонымен бірге, Ол өлімнен тірілген болса, бүгін да тірі.
Жохан 5:24 | Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті. |
Жохан 10:9 | Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады. |
Жохан 14:6 | Иса оған:— Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды. |
Жохан 8:24 | Сондықтан да сендерге «күнәларыңды арқалап өлесіңдер» дедім. Өйткені егер Менің Сол екеніме сенбесеңдер, күнәларыңды арқалап өлетін боласыңдар. |
Елшіл. істері4:12 | Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған! |
Римд 10:13 | Себебі: «Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады» деп те жазылған. |
Римд 10:11 | Осы туралы Ишая пайғамбардың жазбасында «Оған сенімін артқан ешкім ұятқа қалмайтын болады лайым» делінген ғой. |
Римд 2:11 | Себебі Құдай ешкімнің бет-жүзіне қарамайды. |
Римд 3:22 | Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ: |
Римд 10:9 | Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. |
Күнәларімізден қалайша құтылсақ және осы жаңа өмірге қалайша ие болсак болады? Иса біздің Жаратқан Иеміз және Құтқарушымыз деп сенип Күнәларімізден құтылсақ және жаңа өмірге ие болсак болады. Егер өкініп, теріс жолдан қайтсақ және күнәмізді кешіріші және құтқаруы үшін сиынып Исаны шақырсақ Ол соны орындайды. Иса күнәларымыздың құнын өтеп жанын құрбан етуге бұл әлемге келген Құдайдың Ұлы. Оған сенген жерде өмір сүретін әркімдің күнәларі кешіріледі, күнәларінен (және тозақтан) құтқарылады және Құдаймен жаңаша өмірге ие болады. Қандай елде өмір сүріп жатқанымыз, қайсы тілде сөйлегеніміз, баймыз ба әлде кедейміз бе, ер кісіміз ба әлде әйелбіз бе, жаспыз ба әлде кәріміз бе немесе біздін тағы бір басқа ерекше өзгешелігіміз бар ма-Оған бәрібір. Исаға сенген және Оны Құдайдың рухани Ұлы деп мойындаған әр бір адам құтқарылады. Исаға еріп жүруге бел байласаңдар, бұлайша Құдайға сиыныңдар:
Көктегі Әкеміз! Құтқарылуым және аспандан маған берілген жаңа өмірге ие болуым үшін күнәларымыздың құнын өтеп жанын құрбан етуге бұл әлемге жалғыз Ұлыңды жібергенің үшін Саған ризамын. Өкініп, күнәларім үшін кешірім cүраймын. Исаға сенемен және Оны Жаратқан Ием және Құтқарушым деп қабылдаймын. Маған берген өмірің Саған ұнауы үшін қайырым көрсет және жол көрсет. Аумин
Егер сіз осындай сиынып Құдайға жүгінсеңіз, Одан баруыңыз мүмкін болған сенушілер қауымын көрсетуін сұраңыз. Сиынып Құдаймен тұрақты түрде жүгініңіз, Құдай сізге жауап береді. Құдайдың дауысына құлақ салыңыз. Құдай сізге жол көрсетеді. Ол сізді сүеді және сізге қамқорлық жасайды. Сәз Оған сенсеңіз болады. Ол сенгендерді ешқашан тастап кетпейді. Құдай жақсы, игілік Құдай. Оған толық сенуге болады. Оған барлық өміріңіз бойынша сенім артуға болады. Оның алдында барлық мұқтаждықтарыңызды Оған білдіріңіз. Ол сіздін қамдарыңызды ойлайды және сізді жарылқайды. Құдай былай деген “Ешқашан Сіздерді тастап та кетпеймін, жалғыз да қалдырмаймын”. Құдайға сеніңдер. Иса арқылы сізді Құдай жарылқасын.
Жохан кітабінен бастап Киелі кітапты үздіксіз оқыңдар. Егер сізді қосымша ақпараттар қызықтырса, мынау сілтеуді баcыңыз.